ШУДА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Бүгін Шу қаласында “Студенттер үйі” ашылып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Аталған шараға аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қатысып, ауданымыздағы орта білім беру ошақтарының оқытушылары мен студенттерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.


Жаңа жатақханада 120 студентке арналған жатын орын бар екенін айта кету керек. Сондай-ақ, мұндағы бөлмелер екі, үш және төрт адамға арналған жиһаздармен жабдықталған. Заманауи үлгідегі жатақханада студенттерге қажетті өзге де игіліктер қарастырылған.

Биылғы оқу жылынан бастап жатақхана бөлмелері негізінен шалғай елді мекендерден келетін студенттерге берілмек. Ауданымызда Шу гуманитарлық колледжі мен Теміржол және Алмас колледждерінің барын ескерсек, жатақханаға деген сұраныстың да жоғары екенін аңғару қиын емес.

Сол себепті де Гүлнәр Жүнісәлиеваның бастамасымен бой көтерген жатақхана өңір студенттеріне өте қолайлы болмақ.