ШЕРХАН МҰРТАЗА — 90 жыл

Биыл Шерхан Мұртаза жылы. Ұлы қаламгерге 90 жыл. Осыған орай «Даңқ» залының қызметкерлері аталмыш жылдың сәуір айынан бері «Мылтықсыз майдан» деген тақырыппен үздіксіз түрлі танымдық іс-шаралар өткізіп келеді.

Яғни, қаламыздағы бірнеше оқу орындарының білімгерлерімен Шерағаның қаламынан туындаған соғыс жылдарындағы ауыл еңбеккерлерінің ерен бейнесін суреттеген «Мылтықсыз майдан», «Қара маржан», «41-ші жылғы келіншек», «Кәрі солдат», «Ай мен Айша» туындыларындағы оқиғалар желісі әңгіме арқауына айналып, елеулі естеліктер айтылды.

Күні кеше 23-ші қыркүйекте №35 мектеп оқушыларымен, 27-ші қыркүйекте №30 Ш. Мұртаза атындағы мектеп тәлімгерлерімен болған іс-шараларымызда Шерағаң шығармашылығына көрсетілген музейлік тағылым сабағы болды деп айталамыз.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі