Шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

Биыл 4 айда Жамбыл облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7%-ға артты. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша салада жұмыспен қамтылғандардың саны 151,9 мың адам, яғни, 22,6%-ға ұлғайды.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 198 жобаға, 10,7 млрд теңге несие берілді. Сондай-ақ 1100 кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсету арқылы жұмыс істейтін субъектілер санын 106 мыңға дейін арттырып, ондағы жұмыспен қамтылғандар санын 155 мыңға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 70,7 млрд теңгеге 190 жоба қаржыландырылды», — деді облыс әкімі Н. Нұржігітов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

aqjolgazet.kz