Шағын футбол жарысы

Павлодар облысыынң Успен ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде биылғы «Жастар жылына» орай шағын футболдан облыстық турнир өттті. Жарысқа облысымыздың әр аудандарынан командалар келіп бақ сынады.

            Жарысқа қатысушы спортшылар аса жоғары дайындықпен келді. Командалар екі топқа бөлініп, айналым жүйесі бойынша ойнады. Нәтижесінде мықты ойын көрсеткен командалар келесі турға іріктеліп қалып отырды. Жарыс қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, Успен ауданына қарасты Қаратай ауылыынң ойыншылары екінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, Успен ауданының құрама командасы жүлделі үшінші жүлделі орынды қанағат тұтты.

Турнирдің жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен әр команда сапында ерекше ойын көрсеткен аяқдопшылар да жекелей марапаттарға ие болды.

Тілеуберді Сахаба

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған