САЯБАҚҚА 43 ТҮП АРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Дана қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген тағылымы мол мақал бар. Әрине, ауыл ажарын ашатын жасыл желек оттегімен де қамтамасыз ететінін белгілі. Бір ғана Шайқорық ауылы тұрғындары елді мекенді көгершіктендіру жолында ауыз толтырып айтатындай игі істер атқарып жүр.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы төрағасы Рамазан Мұзафаровтың бастамасымен Р. Момбаев көшесінің бойындағы орталық саябаққа 43 түп арша ағашы отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауыл азаматтарының айтуынша, орталық саябақты түрлендіру үшін қабырғалы жобалар қолға алынған. Бұл жұмыстардың ілгерілуіне қалталы азаматтар мен жомарт жандар үлес қосуға ниетті. Ауылдың ауызбіршілігі мен ұйымшылдығына қарап, «ауылына қарап азаматын» таны деген тәмсіл еріксіз ойға оралады.

Жамбыл ауданы