Сарысулық жастар жеңіс тұғырында

Шу аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ-і Әулиеата жастары өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында кең көлемде қызмет атқарып жүрген әр аудандарындағы Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында өткен «Салт-дәстүрім — таусылмайтын байлығым» атты ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

Шара барысында Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев және Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің директоры Арайлым Әбдуалева сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

9 команда бақ сынасқан сайыста жігіттері ат ерттеп, аударыспақ, арқан тартыс, жаяу тартыс сынды ойын түрлерінен сынға түссе, нәзік жандылар қамыр жайып, бауырсақ пісіріп, ас үйге деген ептіліктерін көрсетті.

Сондай-ақ топ болып халық әнін орындау бойынша өз өнерлерін ортаға салған байқауда сарысулықтар оқ бойы озып отырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі