САРЫСУЛЫҚ АНАЛАР АЛТЫН КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҒЫНДЫ

Сарысу ауданында «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлеріне мемлекеттік награда табысталды

️ Бүгін Сарысу ауданында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері атанған 10 анаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 маусымдағы №934 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік награда табысталды.

✅ Салтанатты рәсімде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ұрпақ өсіріп, өңіріміздің демографиялық дамуына зор үлес қосып отырған көпбалалы аналарға ризашылығын білдіріп, бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарымен тербете алатын аналарға қанша құрмет көрсетілсе де, аздық етпейтіндігін жеткізді.

Шараға қатысқан алтын құрсақты аналардың бірі, «Күміс алқа» иегері Динара Жарасова Мемлекет басшысының аналарға ерекше қамқорлық танытып, мемлекеттік қолдау көрсетіп отырғанын айтып, наградаға ұсынған жергілікті әкімдікке алғысын білдірді.
〽️ Ресми деректерге сүйенсек, аудан бойынша «алтын құрсақты» аналар саны – 1553 болса, оның ішінде «Алтын алқа» — 655, «Күміс алқа» — 898, ал батыр аналар саны 134-ке жетіп отыр.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі