Сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

Кеше Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен сайлауалды штаб отырысы өтті. Штаб отырысында аудан әкімінің аппарат басшысы Жұмат Сақыпбеков пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова кезектен тыс президент сайлауының дайындығы туралы баяндама жасады.

Айта кету керек, ауданда желілік кесте жоспары әзірленіп, көрнекіліктер, тақталар (билбордтар) мен қалқандардың орнатылатын жері нақтыланып, сайлау орындарының дайындығы пысықталды.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі