Сәні мен салтанаты келіскен журнал

Еліміздегі бірден бір сахна мен әрдайым оған байланысы бар сән туралы жазатын журнал, ол – «Сән мен сахна» журналы. Бар болғаны алты  жылдың ішінде бұл журнал тұрақты өз оқырмандарын тапты десе болады.

Журнал алғаш рет «Сән мен сахна» Халықаралық сахналық киімдер фестивалінің өтуіне байланысты шығарылған.  Фестивальдің мақсаты: жас дизайнерлерді отандық нарыққа шығару. Олардың жұмыстарын осы журнал арқылы насихаттау болатын. Журнал ол мүддеден шығып өз жұмысын адал атқарып келеді. Журналдың құрылтайшысы «Hanum» агенттігі.  

«Сән мен сахна» журналының директоры Қарагөз Айдаш:

Мен бұл журналға 2013 жылы келдім. «Қазақстан» ұлттық арнасында 15 жыл телевизия саласында еңбек жасап, журналға ауыстым. Қандай да бір әнші адамның сахнадағы көрінісі, әніне киімінің сай келуі – үлкен өнер. Әншінің болмысын көрсете білетін де оның киімі.  Сондықтан журналда осындай ұтқыр шешімдерді, керемет композицияларды жариялаймыз.

                                             сән мен сахна  сән мен бала

«Сән мен сахна» журналының шеф редакторы Құралай Бағдатқызы:

-«Сән мен сахна» журналының шығып келе жатқанына биыл 6 жыл. Осы аралықта әр саланың үздіктерін жариялаудан танған емес. Енді осы саннан бастап, оқырмандарымыздың сұранысы бойынша «Сән мен сахна» журналына қосымша ретінде «Сән мен бала» қосылды. Бұрын жүз бет болған журналымыз қазір екі жүз бетке жетті. «Сән мен бала» қосымшасы ата-әжесінің еркесі балғындардың жанашыры. Олардың ішіндегі әнші, күйші, өзге де талантты бүлдіршіндерді іздеп тауып, қанат бітіруге күш салады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш журнал Астана қаласында 2 айда бір рет шығады. Таралымы 6000 дана.

«ЕлАна»