Жуалы ауданында Астана күніне орай үстел теннисі ұйымдастырылды

Бүгін Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Кеңесбек Абдраимов жеке құраммен 6 шілде «Астана күні» мерекесіне орай семинар сабақ өткізді. Аталған шара барысында ол егемен еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының құрылуы мен даму тарихы жайлы кеңінен баяндады. Одын әрі от жауынгерлерінің назарына аталған мереке туралы деректі фильм ұсынылды. Одан әрі мерекелік көңіл-күйде жүрген өрт сөндіруші-құтқарушылардың 4 кезекшілік қарауылы арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Айта кеткен жөн, аталған жарыс өте тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша: 1-қарауыл жүлделі ІІІ орынды қанағат тұтты. Ал 2-қарауыл ІІ орынды қиеленді. Сондай-ақ 4 кезекші қарауыл өзгелерден озық шығып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Жалпы үстел теннисі бойынша өткен жарыста ойыншылардың арасында өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау старшинасы Ербол Қонысбаев ерекше көзге түсіп, жоғарғы деңгейде ойын көрсетті.