«Жомарт түлек 2021» форумы Мойынқұм ауданында

Мойынқұм ауданында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында аудандық Мәдениет үйінде «Жомарт түлек 2021» аудандық форумы өтті. Форумның мақсаты – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген Республикаға, облысқа және ауданымызға белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, түлектерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру.
Форумды аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов ашып, Жомарттық –адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі.Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу екендігін атап, туған жеріне үлкен қолдау білдірген түлектерге алғыс білдіріп, болшақта да игі бастаманың өміршеңдігіне сенім білдірді.

 

Бұдан соң кеш қонақтары сахна төріне шақырылды. Карантинге байланысты ықшамдалған шараға 36 түлек қатысса, онлайн форматта 20 түлек қосылды.Сондай-ақ жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов, Ә.Төлепбергенов мектебінің түлегі, Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген Қайраткері Асылхан Шүңіреков, М.Жұмабаев мектеп-лицейінің түлегі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық қызметкерлерінің біріккен жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағсы Бәкен Бейсебаевтар сөз алып, аталмыш шараның маңызыдылығын атап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, аталған шара дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынына сенім білдірді. Сонымен қатар Жамбыл мектеп гиназиясының түлегі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мұғалімі Жұлдыз Саурықова бейнеүндеу жолдады.
Сондай-ақ жиында «Әйгөлек», «Еркеназ» би топтары «Күй шашу», «Қыз назы» билерін билесе, ал Мәдениет үйінің әншілері Ақжан Мәмбеталиев пен Төлеби Жексенбек «Мен қазақпын», «Рахмет саған туған ел» әндерін орындады.