Жігіт – түйе

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Жігіт – түйе

⚜️ Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, ата күші үшін «жігіт – түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе /«жігіт – түйе» деген сөз осыдан шыққан/, жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұман әкеледі. Ата риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.