Жастар қоғам өміріне белсене жұмылдырылады  

Облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы  өтті.

Жиынға  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Шерзод Пулатовтың өзі келіп қатысты. Сондай-ақ  іс-шарада Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Аналар, ақсақалдар кеңестері, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері болды.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер Түркістан облысы Арыс қаласында техногендік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы және Қазақстан мемлекетінің  Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде берген тапсырмаларын талқылау және іске асыру болды.

Аталған мәселелер  төңірегінде Ассамблея Қоғамдық орынбасары  Ш. А. Пулатов алғышқы сөзді алды.

Құрметті,  облыстық Ассамблея мүшелері. Арыс қаласында орын алған апат бәріміздің де жанымызға аяздай батты. Әрине, мұндай жағдайда қол қусырып қарап отыратын халықтан емеспіз. Қолдан келгенше ел болып көмек көрсетіп, жұмылған жұдырықтай бірлігіміз бен ынтымағымыздың жарастығын тағы бір дәлелдедік. Арыс қаласына бағытталған гуманитарлық көмек еліміздің түпкір-түпкірінде әлі де жалғасуда,-деді өз сөзінде ол.

Қоғамдық орынбасар бұдан бөлек  Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде берген тапсырмаларын талқылау және іске асыру мәселесінде жастарғабасымдылық көп берілгендігін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде бірқатар маңызды басымдықтарды атап өтті: Біріншіден Елбасы Стратегиясын одан әрі іске асыру — бұл ең алдымен, Қазақстанды Үшінші жаңғырту және Бес институттық реформа. Екіншіден өткір әлеуметтік мәселелерді нақты шешу және әлеуметтік саясатты жаңарту. Үшіншіден қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, Инвестициялар, іскерлік белсенділікті арттыру.Төртіншіден қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау туралы. Сондай-ақ, әсіресе, биліктің халық сұраныстарын тыңдау міндеті, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу, азаматтар алдында үнемі есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Президент лауазымындағы жұмыстың басымдықтарындағы  нақты 10 міндетті атады. Оның ішінде басты басымдылық жастар блогына түсуде. Жастар ел болашығының негізі. Елімізді дамытудың қозғаушы күші. Осыған орай жастар арсынан «Президенттік кадрлық резерв» құрылатын болады. Аалған мәселе төңірегінде Ассамблеядан ерекеше назарға ілініп тұрған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы болып тұр, -деді ҚХА қоғамдық орынбасары.

Енді Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеяның атқаратын барлық жобалары мен іс-шараларында жастар барынша қамтылатын болады.

Дөңгелек үстел барысында аталған мәселелер төңірегінде  М. Х. Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Мамедова Парида Иманжанқызы, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары — Минаков Юрий Васильевич, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы — Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы, «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшілері мен мүшелері өз баяндамаларын жасады.

Жиын соңы өзара пікір алмасулармен аяқталды.

Дедек Төлен