Мерейлі Меркіде туризм мықтап қолға алынуда

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы, облыстық туризм индустриясы ассоциациясы өкілдері бар, Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков, «Jambуl», «Qasahstan» телеарналарның тілшілері, «Меркі Ақиқат» және «АРАЙ» облыстық жастар газетінің, «Elana.kz» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайтының журналистері, аудан кәсіпкерлері, білім, спорт бөлімдері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, әр саланың мамандарынан жинақталған жалпы саны қырыққа жуық адам Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Меркі  ауданындағы сырлы «Сандық», киелі «Қарақыстақ» жайлауына экспедицияға шықты.

Жорық мақсаты – Меркі ауданында туристік саланы дамыту, табиғаты тұнық, суы шипа, ауасы жанға дауа, аты аңызға айналған, бар құпиясын әлі де бауырына басып жатқан, халық «Әулие көл» атап, бас иіп, тәу етіп келген «Көк Көлді», кіші «Әулие Шоқыны», Үлкен «Әулие Шоқыны» көзбен көру. Жалпы экспедициялық топ «Сандық» жайлауы мен «Қарақыстақтың» туристік әлеуетін бағамдау, оған қандай инфрақұрылым тартып, қай бағытты қалай дамытса, қайтсек ел игілігіне жаратса болады деген сұраққа жауап іздеді.

Фото: Алтынбек Картабай