ЖАҢА ЖЫЛДА ҰЛТҚА НАМЫС ТІЛЕЙІК….!

Ұлттық ар мен намыс — дəлелдеуді қажет етпейтін құндылық! Ұлттық ар мен намысқа иненің жасуындай кір жұқса: сөзге емес, амалға көшу керек.
Ұлттың ар мен намысын сөз базарына салу-өз қызыңды мал базарына салғаннан да жаман,Арсыздық!
Тəуелсіздік -ұлттық ар мен намыстың жемісі. Ұлттық ар мен намыс тапталса: «Тəуелсізбіз!» -дегеніміз өтірік. ƏКЕ -ƏУЛЕТТІҢ, ХАН -ХАЛЫҚТЫҢ АР МЕН НАМЫСЫН КӨЗІНІҢ ҚАРАСЫНДАЙ ҚОРҒАУҒА ӨЗІН ДЕ,ӨЗГЕНІ ДЕ ЖҰМЫЛДЫРЫП ОТЫРУҒА МІНДЕТТІ. Ұлт намысы — барлық бақыттың бастауы, жаңа жылдар мен дəуірлердің мəні. Ұлттық мерекелер-ұлттың ар мен намысын асқақтатып,мерейімізді асыра келсін! Амал мерекесі де жақын. Жаңа жылда-ұлтқа табыс емес, намыс тілейік. Намысты ұлтқа-табыстың өзі-ақ келеді.

Сабыр Адай.