Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 9-10 наурыз күндері 2023 жылғы орман молықтыру, өсіру жұмыстарын орындау мақсатында, Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің сексеуіл тұқымбақтарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Сексеуіл тұқымбақтарындағы 1 жылдық көшет өскіндерін санау және көктем айында отырғызылатын көшеттер есепке алынып, бекітілген кестеге сәйкес сексеуіл көшеттері қажет ететін мекемелерге бөлініп берілді.
Қазіргі күні мекеме тұқымбағынан Ақкөл, Жуалы, Сарысу орманшаруашылығы мекемелері көшет қазу жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік орман қоры жерлерінде сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстарына кірісті.
Табиғи Ресурстар Басқармасы