Үлгілі отбасы болу – бақыт

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай …

 

Ел арасында «ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбересін әлпештей өсіріп, шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі от-басылардың көптігі ризалық сезіміне бөлейді.
Міне, бүгінгі 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай осындай отбасылар туралы жазуды жөн санадық.
Жайылма ауылының тұрғыны отбасымен зейнеткер ұстаздардан құралған 78 жастағы қария, Есмахан Амангелді мен 71 жастағы жұбайы, қадірлі әже Балкүл Шардарбековалар бүгінде 5 перзенттен , 17 немере, 2 шөбере сүйіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған бақытты отбасы.

 

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек.
Өмірбақи ұстаздық етіп, зейнетке шыққан ата-анадан таралып, өсіп өнген балалары да ата-ана жолын қуды.
Ұрпаққа сана себер сәуледей әрқайсысы ұстаздық жолды таңдап, бүгінде тек білікті маман ғана емес, адами тұрғыда кемелденген азаматтар биік белестерді бағындырып отырған жәйі бар.
Үлкендері 1969 жылы туылған

 

Үлкендері Өмірәлі Тараз қаласындағы спорттан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының тарих пәнінің мұғалімі болса, 1970 жылы туылған ұлы Әмірәлі Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің директоры. Ауданда өзіндік орны бар нағыз еразаматқа тән сабырлы да салмақты, сауатты Әмірәліні ауылдықтар құрметтеп, сыйлайды.
Оның жары 1971 жылы туылған Келіні Оралова Майра Куанышбековна болса Әйтеке би атындағы орта мектебінде мұғалім.
Ұстаздар тәрбиесін көріп, тәлім-тәрбие алған жанұядағы 3 ұл, екі қыздың барлығы дерлік бір бір мамандықтың иесі.
Отбасының кенже ұлы 1977 жылы туылған Асқарәлі
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі болып, абыройлы еңбек етуде.
Шаңыраққа ие болып қалатын, ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда дегендей шаңырақтың иелері бір жанұяда туылған 3 еразамат туралы қысқаша сыр осылай. Ал, кеткен қыз шиден тысқары деп жатады атам қазақ. Қос қыздары да белгілі мамандық иелері,бір шаңырақты шайқалтай ұйытқысына айналып отырған жандар. Үлкені Мейрамкүл Тараз қаласында 16 мектепте химия кабинетінің лаборанты Жоғарғы білімді химик технолог болса, кішісі Айнагул Нұрсұлтан қаласында
Тұрады. Жоғарғы білімді математик.
Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасыны көпке үлгі етіп, өнеге етсек те артықтық етпейді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы.