«Үлгілі ауыл» байқауы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, облыстық «Үлгілі ауыл» байқауы жобасына үміткер Биназар ауылдық округінің әкімшілігі мен ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Ұлттық қолөнер- бабалар мұрасы» шеберлік сағаты өтты. Тұрманшы – кәсіптің аты. Қазақта етікші, зергер, темірші деген сияқты кәсіп аттары бар. Тұрманшы – ер тұрман жасайтын шебердің кәсібіне байланысты туған атау. Қазір тұрманшы аз. Дегенмен Биназар ауылдық округінің тұрғылықты тұрғыны, жеке кәсіпкер Көпбаев Сайлау Жапарұлы ата-бабаларымыздан қалған мәдени дәстүріміздің бірі – ер тоқым жасауды өзінің борышы санайды. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың жеке шығармашылығын дамыта отырып, қазақи нақышқа баулу, ұлттық қолөнер құндылығын ұғындыра отырып, сүйіспеншілік пен патриоттылыққа тәрбиелеуге жол ашу арқылы бабалар мұрасын насихаттау. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деп дана қазақ айтқандай, өнерлі өнерпаздарымыз көп болсын.