Ұлыс күні ұстазға алғыс

Наурыз – табиғаттың жаңару күні. Бұл біздің халқымыз үшін айрықша мереке және осы Наурызға 

байланысты көптеген салт-дәстүрлер қалыптасқан.

Наурыз мейрамы неғұрлым молынан атап өтілсе, үйге соншалықты молшылық пен жетістік енеді деп есептеледі.

Бұл нанымдар мерекелік салт-жоралар мен әдет-ғұрыптардың көптігін түсіндіреді. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамы көктемнің, еңбек пен бірліктің белгісі болып табылатын ұлттық мереке.

Бүгін күні бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы барлық халықтарға бірдей қымбат.

Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.

 

  • Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- дейді.


  • Осы ұлыстың ұлы күні барлық өңірде жоғары деңгейде аталып өтуде.

Осындай шара Тараз қаласындағы Тоғысова Райса Дастенқызы басшылық ететін  №54 мектептің 1 «Ж» сыныбында «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында өтті.

  • Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Айдана Базарбайқызы

Сынып жетекшісі Свамбай Айдана Базарбайқызы:

Наурыз келді, Жыл келді,

Дала жайнап, гүлденді.

Көңілдерге қуаныш

Жүректерге нұр берді,

-деп мерекенің шығу тарихы жайлы сыр шертіп,шараны бастап та кетті.

 

 

 

Оқушылар арасында тақпақтар айтылып, ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрден шағын қойылымдар көрсетілді

Сынып оқушылары «асық ату», «тұр сақинам тұр», «қындық-сандық» сынды балаларға арналған басқа да ойындарды ойнады.

Осы шарада бірінші ж сыныбының Бөкейхан Ұлжан,  Бейсентай Ернар, Молдияр Алинұр басқа да  барлық оқушылары белсенді қатысты.

Біраз уақыттан бері індеттің өршуіне байланысты ісшаралардан алшақтаған балалар бұл жолғы ұлыс мерекемізден шет қалмады.

Ұстаз ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырды.  Көздері бал- бұл жанып, жүздеріне күлкі үйрілген балалар қуанышына ата-аналар алғысы шексіз. Балаларымызды қуантып, оларға құлышныс сыйлап, әркез мектепке барғанша асықтырып, бар нәрін, мейірімін бергені үшін ұстазға деген пейіліміз ерекше,-деген ата-аналар бірауыздан сынып жетекшісі Айдана Базарбайқызына деген алғыстарын білдіріп жатты.

 

Мұрат Мақұлбекұлы