ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АС СУЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ICКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында бүгінде тәулігіне 5 және 10 литрлік құтымен 8 мың дана ас суы дайындалады.

 

 

Серіктестікте 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге көлімінде. Цех мамандарының жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалған.
«Біз өндіріп отырған өнімнің сапасы кез-келген ас суымен бәсекелесе алады. Тауарға деген сұраныс та жоғары. Сұраныс артқан жағдайда біз де өнім көлемін көбейтеміз деген ойдамыз», – деді мемеке басшысы Рустамбек Махаммедов.

 


Сұранысқа байланысты дайын өнімнің басым бөлігі Атырау, Ақтау қалаларына жөнелтілуде. Серіктестік басшысы алдағы уақытта «Hydrolife» сусынын еліміздің барлық аймақтарына таратуды жоспарлап қойғанын айтады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі