Тұрғындар өтініші орындалды

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы әр ай сайын қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізеді. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде көптеген мәселелер шешімін тауып келеді. Халықтың түйткілді мәселелерінен құлағдар бола отырып, оны шешу жолдарын қарастыру партияның басты мақсаты. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз десек те болады. Ал «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түсіп жататын барлық өтініштер сан түрлі болып келеді.

Атап айтар болсақ, тығырыққа тіреген тұрмыстық мәселелермен қатар, әлеуметтік-қоғамдық түйткілдерді көтеретін өтініштер баршылық.

Ол жерге келген аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алады. Одан бөлек көмек сұрап келген тұрғындарда бос қайтпай, өздеріне керекті көмекті алып жатады.

Осындай қоғамдық қабылдауға көмек сұрап келген Жаңатас қаласының тұрғыны Ж.Сабуров отын түсіріп беруді өтінген болатын. Азаматтың өтініші өз кезегінде шешімін тауып, қала әкімі аппараты тарапынан ағаш отыны түсіріліп берілді.

Сарысу ауданы