Туған жер — алтын бесігім


Туған жер — ауылым алтын бесігім. Туған жер. . . Туған ел. . . Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңші?!Оның адам өмірінде алатын ерекше, киелі ұғым. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Ал мен үшін туған жерімнің қадірі әлемдегі ең ұлы дегенмен тең. Себебі, ол-сенің әлпештеп, аялап өсірген анаң мен әкең, туған-туысың, аға-әпкең, бізді білім жолына жетелеген ұстаздарымыз, сол білім жолына тай-құлындай тебіскен жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы балалық шағың, туған ауылның ауласы. Менің туған жерім, Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Сарыкемер жері.
Әр адам бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Осы мекенде көңілді шаттыққа толы балалық шағым өтуде.
Балабақшадағы күндерім. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. . . Сыныптас достарыммен алғашқы танысқанымыз. Бәрі-бәрі көз алдымда .
Күздің кезінде кең жайылған Сарыкемер кең даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы — қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл — менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім!

Шплецер Любовь
5″Г» сыныбы
ұстазы: Өтегенова Шырын

Байзақ ауданы Сарыкемер Ғани Мұратбаев гимназиясы