ТАРИХ ҚАЛАЙ БҰРМАЛАНАДЫ немесе ТӨЛЕГЕТАЙ ТРАГЕДИЯСЫ

 

✓Жақында НАЙМАН ҰРПАҚТАРЫ Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында Төлек атай (Төлегетай) бабамызға үлкен ас беріліп, ұлан асыр той жасалды!!! Бұл шараға Төлегетайдың барлық ұрпақтары ат салысып, Түркістан облысындағы бауырларымыз өткізді.
Бұл шараға шет ел Республикасынан келген НАЙМАН ұрпақтары да қатысып, бабасының басына тәу етіп қайтқаны қуанышты хабар болды. Ас беріліп,театрланған көріністер болып, ұйымдастарған азаматтарға айтатын алғысымыз шексіз!!! Баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысатын ҚАЗАҚ емеспіз бе?
Ұлттық идентификацияны, ұлттық идеяны қолдайтын, тарих пен шежіреден мағлұмат беретін мұндай шараның өтіп жатқанына бек қуандық.
Уатсапп ( Whats App) арқылы тойдан берілген көріністерден кейін, қолыма қалам алуға мәжбүр болдым. Оның себебін төменде түсіндіре кетейін…

°°° Бірақ, сол көріністе Қылышты Қожаны таққа отырғызып қойып, Төлек атамызға мал бақтырғаны ешқандай тарихи шындыққа сай емес. Төлек атай Сыр бойын жайлап отырғанда, үлкен әскери күші, өзінің жарғысы болған, үлкен тайпа ел еді. Ал, дін таратушы сарт- қожалар Төлек атайдан жер сұрап келгені туралы тарих не дейді?!!! Араб қай уақытта Сыр бойында өз билігін жүргізді және қандай тарихи дерек бар? Қаңғырып келген қожалар, жанын баға алмай жүріп, қазақ жерінде билік жүргізді деген бір де бір тарихи деректер де жоқ!!! Бұл деген нағыз- Абсурд, парадокс.

Ия, Төлек атай оларға сұраған жерін бермегені үшін, әскери күші мықты Төлек атай қожаларды қырып жіберуі мүмкін екенін білген қожалар қызын беріп, құдандасып барып, саяси одақ құрып, өздерін аман сақтап қалған!!!
Айғырдай арқырап, Аруақ деп жау жапырған Төлек атайдың қожаның қойын баққаны, сүйекке таңба, тарихқа жасалған үлкен қылмыс! Бұл сценарийді Төлек атай ұрпағының баласы жазған дегенге сену қиын, мүмкін қожалар өзінің статусын жоғарылату үшін жазған деген ойға итермелейді. Бөлінбейік, десең де шақша басқа осындай ойлар келеді. Сценарий жазушылар осында ҚАПТАҒАЙ деген чаттың ашылғанын жақсы біледі, неге ағайындарымен ақылдасып, тарихи деректермен алмаспады, неге пікір алыспады деген ой келеді. Бүкіл Найман шежіресіне көлеңке түсіретін, Төлегетайдың төрт баласының, Балталы Бағаналы ағайындардың бабаларының аруағынан ұят болады деген ой Сізді де мазалайтыны хақ!!!
Алыс шет елде шежіреден шөлдеп отырған ағайын, Төлегетай атамыз қожаның шаруашылығын басқарған біреу екен,-деп, өкісігін баса алмай жылайтын шығар, деген ой неге келмейді Сіздерге?!!! Жүздеген мың отбасын басқарған дана қолбасшы Төлегетай, қазіргі тілмен айтқанда әкімнен де жоғары, Генерал губернатормен тең келетін лауазым иесі еді!!! Соғыс стратегиясы мен тактикасын жетік білетін, көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнатып, бүкіл елдің бейбітшілігін сақтап қалған данагөй бабамызға бір қожаның малын бақтырып қойған жарамас.
Көшпенді бабаларымызда мешіт болған жоқ, Төлек атайдың қожадан діни білім алды дегені, тіпті шындыққа жанаспайды.
Ең сорақысы, оған тарихи дерек те, мұрағаттық дәлел де жоқ!!!
* Мысалы, Қаракерей Қабанбай қазақтардың Қытаймен шекарасын белгілеп, бармақ басып, мөр қойған құжаты Қытай мұрағатында бар.

# Осы жерде біраз тарихи шегініс жасайық, Ағайын! Оныншы ғасырға дейін империя болып тұрған НАЙМАН хандығы Енесайдан Памирге, Каспий жағалауына дейін билік жүргізгенін тарих атамыз айтып отыр. Күшілік хан тұсында күш қуаты апогейіне жеткенде НАЙМАН империясы басқыншыларды қойдай қырғанын, оның ішінде арабтар да болғанын тарихтан жақсы білеміз. ДІнді қайқы қылыштың күшімен таратамыз деген арабтардың жеңіліп, кейін салық та төлеп, империяға бағынышты болғаны туралы деректер тарихта бар! Найман империясында үлкен мәдениет, жазу болғаны белгілі.

°°° Рим папасы Қарақорымға жіберген миссионерінің мына сөзі соған куә.
— Біз Найман империясының шекарасына келгенде, олар біздің заттарымызды найманның оймақ жазуымен тізімге алды ( Кедендік декларация). Олар бойшаң ашаң жүзді, қонақжай халық екен. Бір кеденшінің көзі жылтыраған бір затқа түсті, біз сол затқа оған сыйлыққа тартып, Қарақорымға сапарымызды жалғастырдық…

Олай болса, қалайда дінді қолдаймыз,- деп, екіжүзділікке барып, қиянат жасау Төлегетайдың ұрпағының алдында жасалған қиянат және ұлт алдында жасалған қылмыс деп бағалаймын!!! Бұлай тарих бұрмалана берсе,ертең Қабанбай атамызға жоңғардың малын бақтырып қоймасына кім кепілдік бере алады?!!!

# Бұл жерде дінді дәріптеу емес, батыр бабаның тарихын дәріптеу еді ғой, Ағайын!!! Аруағы риза болсын деп жиналған жұрттың тарихи шындыққа қиянат жасалғаныны көріп, ренжіп қайтқанын айтпай кетуге де болмас… Келесі жылы Семей қаласындағы шарада мұндай келеңсіздік орын алмайды деген сенімдемін!

P.S. Шындық ащы, адамдарды емдейтін дәрі де ащы. Бірақ, емдейді!!! Санамызда жатқан дерексіз дәйектерге «Қотыр» шындық арқылы ұрпақтың санасын ашуға ат салысатын ағайынға ой тастау еді, өз пікірімді ашық жазғаным үшін мен сөкпейтініне сеніп жазып отырмын!!! Енесі тепкен құлынның денесі ауырмайды дегендей… Ағайындар қандай пікір жазса да, құп аламын, егер ол тарихи шындық болса…