ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

2023 жылы 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы ХІІІ халықаралық математика және механикадан ғылыми-зерттеу сайысы өтті.
Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен және Қырғызстан, Тәжікстаннан 112 жобамен 150 оқушы қатысқан.
Жас зерттеушілер сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарын және алтын, күміс, қола медальдарын иеленді.
Осы айтулы жарыста тараздық оқушлар да олжалы болды.
І дәрежелі диплом және АЛТЫН медаль иегері:
— МАҚҰЛБЕК ДУМАН – Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом және КҮМІС медаль иегері:
— АБЕСБЕК АЙЯ – Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом және ҚОЛА медаль иегерлері:
— МОМЫНҚҰЛ НҰРАЙ – Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының оқушысы;
— БЕКБОЛСЫН БІРҒАНЫМ – Тараз қаласы, №49 мектеп-гимназиясының оқушысы;
— АБСАТ НҰРЛЫБЕК, ОРЫНБАСАР ТЕМІРЛАН – Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының оқушылары;
-ОРАЗБАЕВА НҰРАЙ – Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық гимназиясының оқушысы;
️Сонымен қатар, халықаралық конкурсқа қатысқаны үшін 2 оқушыға грамота табысталды.
— ЖАЗЫЛБЕК АЛТЫНАЙ – Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің оқушысы;
— ПЕРНЕБАЙ АРУЖАН – Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушысы.
Жас зерттеушілер мен жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз.

Тараз қаласының әкімдігі