Таразда ардақты аналар марапатталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы көпбалалы аналарды құттықтады.
Қала әкімі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті.
Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2022 жылдар аралығында жалпы 2 634 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 316 ана «Күміс алқа»-мен марапатталған. 2022 жылы 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды.