Т.Рысқұлов ауданындағы эпидемиологиялық жағдай

Қазіргі таңда дүние жүзінде 189 млн жағдай тіркелген. Аты жаман індеттен қайтыс болғандар саны 4 миллонды құрап отыр. Бұл жаһандық статистика.

Бүгінде Дельта штамм 111 мемлекетте тіркелген. Өкінішке орай. Бұл көрсеткіштің ішінде біздің елде бар. Елімізде КВИ жұқтырғандар саны 494 222 жетіп отыр. 58 887 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 19005 пациент стационарда болса, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Елімізде барлығы 431 956 адам ковид-19-дан емделіп сауығып шыққан.

Елімізде маусым айымен салыстырғанда шілде айында аурудың таралуы 4,4 пайызға өскен. Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өршуіне байланысты Жамбыл облысы «қызыл аймаққа» кірді.

ҚР Конституциясының 29 бабына сәйкес әр ҚР азаматы өз денсаулығына құқығы бар, сондай-ақ, 12 бапқа сәйкес адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбауға тиіс. Осылайша екпе қабылдауға қарсы көрсеткіштері бар адамдарды вирустан сақтау үшін екпе қабылдамаған қызмет көрсету саласының азаматтары 7 күн сайын ПТР-тест тапсыруға міндетті. Ал вакцина алудан және ПТР-тест тапсырудан мүлдем бас тартқан тұлғалар дистанционды жұмыс режиміне көшіріледі.

Т.Рысқұлов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша ауданда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 шілде аралығында 273 ауру тіркелген (оның ішінде ауру белгілері бары — 122, ауру белгілері жоқ — 151).

2021 жылдың 19 шілдеге аудан бойынша барлығы 310 пневмония ауруы тіркелді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 293 адам ауырған, ауырғандар ішінде аурудың таралу жолдары: аурумен қатынаста болған  адамдар саны- 63 (21,5 пайыз), отбасылық іс шараға қатысқандар саны-66 (22,5 пайыз), жұқтыру көзі белгісіз-164 ( 56 пайыз). Барлық пневмониямен ауырғандар ішінде 18 жасқа дейін 19 бала ауруы тіркелді, 11 жүкті әйел болды (аурумен тығыз қатынаста болған), зейнеткерлер — 96 (30,9 пайызы), медицина қызметкерлер — 4, білім саласы қызметкерлері — 22, Ішкі істер қызметкері — 2, әскери қызметкер – 4,  қалғандары басқа категориядан тіркеліп отыр.

Аудандық аурухананың мәліметіне сүйенсек ауру өсімінің себебі — тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтамау, қатерлі топтағы адамдардың отбасылық іс шараларға қатысуы.

Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шараларын күшейткен. Аудан тұрғындара  барлығы 42506 парақша дайындалып, таратылып берілді. Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 3 санитарлық ақпараттандыру бекеттері (Құлан-2, Луговая-1) жасақталған.

Жедел респираторлы инфекциямен және коронавирусты жұқпалы ауруының симптомсыз түрімен ауырған науқастарды бақылау мақсатында аудан емдеу мекемелерінде 20 шілдеден бастап 12 мобильді топ құрылып, елді мекендерде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап  6556  медициналық көмек үйден көрсетілген.

Сонымен қатар, ауруханада 300 төсектік жұқпалы аурулар стационарында бүгінгі күнге 164 науқас ем қабылдауда, оның 4-і реанимация бөлімінде. 1 қаңтар —  19 шілде   аралығында  438 ауру емделіп шыққан.

Ауданда пневмония ауруынан қайтыс болған 1 жағдай  тіркелді. 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап бұрынғы туберкулезге қарсы диспансерге КВИ емдейтін жұқпалы аурулар стационарына көшіріліп, осы мерзімнен бастап ауданаралық стационар ретінде Меркі ауданынан аурулар қабылдана бастаған.  02.07.-19.07.2021жылы аралығында 54 науқас қабылданған.

Бүгінгі таңда адамдарды вакцинациялау пандемияны жеңуге және карантинсіз қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам карантин талаптарын қатаң сақтау қажет.