Тәртіп – бәріне ортақ

Түзеу мекемелерінде тәртіп қатаң. Заңға сәйкес, жазасын өтеушілердің құқықтары да шектеулі. Мәселен, оларға ұялы байланыс құралдарын еркін қолдануға тыйым салынады. Осы ретте, мекеме қызметкерлері сотты болғандардың жатын бөлмелеріне жоспарлы түрде тінту жұмыстарын жүргізіп отырады. Бұл – заңмен белгіленген тәртіптің сақталуына әрі олардың арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде 201 сотталған азамат жазасын өтеуде. Олардың ішінде 14 жазасын өтеуші нәзік жанды азаматшалар. Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың тікелей нұсқауымен, кестеге сәйкес мекеме қызметкерлері әр жасақтағы сотталғандардың жатын-орын бөлмелерін тексеріп, тыйым салынған заттардың болмауын назарда ұстайды. Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Бақтияр МАХАТОВ,
№26 түзеу мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы, әділет