Түркістаннан басталған Наурыз Шымкентте жалғасты (Фото)

   21 Наурызда киелі Түркістан қаласында  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында  Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал  кеше сол мерекенің жалғасындай болып Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті.   Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен  мерекеге  жиналған жұрттың санында есеп жоқ. Керемет көңіл күй мен басталған  шараның шымылдығы   ат спортымен өткен  жарыспен түрілді.   

                           dec989f9-57e3-4597-ae4e-41a8d4c5ff78  dcbba81d-d3fc-43d8-b965-0b94d162b74b

                           b1dd2238-50d6-477e-9fa3-87f94de7b8c1  7be19f25-7d38-4025-b1f5-54baf836a196

    Мұнан соң  «Шашу» хореографиялық композициясы орындалып, 60 домбырашы  шеңбер жасап, күй тартты. Наурыз айтыс ұйымдастырылып,   8 әже шашу шашып, 20 қыз құрметті қонақтар мен көрермендерге Наурыз көже таратты.

                           aa1d734b-437f-4f23-b50c-e31136d799de  d9c434a2-869b-4c23-b4ce-0074fbd32832

                           6b5d6ab1-f2b6-4dcc-bbca-27d36258c7a5  0077f0fc-ad87-416a-98a5-4ac7b4aa543d

  Барша жұртшылықты көктемнің керемет мерекесімен құттықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстіктегі Наурыз мерекесінің кеше ғана киелі Түркістан қаласында бастау алғанына тоқталды.

«Жер-Ананың бусанып, күн мен түнді теңестірген жыл басы – Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Ежелден ата-бабаларымыз «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақжарма тілекпен айналасын ақжарқын шуаққа бөлеген. Бұл күнді көңілге шаттық ұялайтын мезгіл, жаңару айы деп санаған. Кеше ғана киелі Түркістан топырағында Наурыз мерекесі аясында  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасын өте жоғары деңгейде өткіздік. Осылайша Сіз бен біз тарихтың тамаша бір жаңа бетін жаздық», — деді Жансейіт Қансейітұлы.  

                             35d1899b-c2ce-403a-aadf-518c4538ecea   54fae2d5-1ba9-4842-890b-4cc1893789c7

                             1f7be3d2-d84f-489d-a154-f2b3d901b552   56b2b496-c212-4056-95c4-8d04762d05fb

Мұнан соң аймақ басшысы  ел үшін еңбек еткен, тәуелсіздігімізді нығайтуға үлес қосқан  елімізге танымал бір топ жерлесімізге    «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыс етті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айтаханов Қуаныш, қазақ руханиятының жанашыры Өмірзақ Айтбаев, жазушы, драматург Дулат Исабеков, қоғам қайраткерлері  Болат Жылқышиев, Оразкүл Асанғазы, Шалатай Мырзахметов сынды түрлі салада еңбек етіп жүрген 25 азамат бар.

Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында жүзден аса этнос өкілдері ынтымақ бірлікте тату-тәтті өміріп сүріп, бірлесе білек сыбанып еңбек етіп жүр. Олар наурыз мерекесінде салт-дәстүрін сақтап, әдеп-ғұрпын дәріптеп жатты. Мереке барысында  «Айгөлек»,  «Шамсинур», «Шаттық»  «Тұмар», «Қазына», «Арулар» би  ансамблдері бірлесіп «Достық» сютасын орындады.

                          6b5d6ab1-f2b6-4dcc-bbca-27d36258c7a5   ffed660b-fb04-43a2-8064-8727613bf750

Мұнан соң сахна төріне Қазақстан эстрадасының жұлдызы Серік Ибрагимов шығып, жиналған жұртты билетсе,  «Ринго» тобы концерт көркін қыздыра түсті.

    Оңтүстіктегі наурыз мерекесі «Абай», «Жеңіс» саябақтары мен  «Әл-Фараби» алаңында жалғасын тапты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі