СЫРЛЫ ӨНЕРДІҢ САҢЛАҒЫ

Бүгінде ұмытылып бара жатқан киіз басу өнерін жаңғыртып, ұрпаққа дәріптеп келе жаткан Мәруа анамыздың еңбегі ерен. Жетпісті алқымдаған ана қолы қалт етсе жүн түтіп, киіз басады. Мәруа Әжібаева Бейнеу ауданы, Сарға ауылының тұрғыны. Қолөнер шебері 1949 жылы дүниеге келген. Атырау медицина колледжін тәмамдап, өз ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда ұзақ жылдар қызмет етті. Бүгінде 10 баланы өсірген «Батыр Ана» өз анасынан көрген өнегесін өрімдеп, киіз басып отыр.

«Бұрындары басылған киіз ұзатылған қыздарға да берілетін еді. Қазір азайып барады. Бұл текеметті астындағы қойдың күзем жүнінен (күзде қырқылған қойдың жүні) жасайды. Сол жүнді сабап, сосын бетіне салатын жүнді қойдың жабағы жүні оны бірінші бояп сосын салады. Одан кейін шиге орап, ыссы су құйып тартады. Шиде пісіп шықса басуы жеңіл болады. Екі жағын қайырып тігеді, сосын өңдеп жайып қояды. Бір екі төсеп, қайта пісіріп өңдейді. Сонымен әдемі болып шығады»- , деп жасалу жолымен де бөлісті.

Бұрыңғы ата-бабамыздан келе жатқан өнер қазір ұмытылып бара жатыр. Жас кезімізде Тұрыш, Ақжігіт ауылдарында жасайтын адамдар көп еді деп өкінішін де жасырмады.

«Сіңілілеріммен бірге күніне бір киіз басатын едік. Қазіргі таңда зейнеттемін. Қолым бос уақытта аптасына бір киіз басамын. Тапсырыс қабылдайсыз ба деп келушілер бар, бірақ менің оған денсаулығым жарамайды, жасымыз да үлкейді. Немерелерім өсіп келеді солар көрсін, үйренсін деп жасаймын» -, дейді Мәруа апа.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ