Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгенттігініңПавлодар облысы бойынша департаментінің  басшысы Тастеміров Айдар Нұрманұлының авторлық мақаласы

 

 Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерініздеп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері түбегейлі қайта қаралды.Біріншіден, департаментбасшылары күн сайын азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарастыруда.  Екіншіден, басқа қаланың немесе елді мекендердетұратын тұрғындардын өтініштерін қабылдау ыңғайлы болу мақсатында видеобайланыс арқылы жүзеге асыру мүмкін, бұл олардың уақыты мен жол шығындарын үнемдейді. Үшіншіден, облысымыздың әрбір аймағында халықпен әлеуметтік, құқықтық сұрақтарға байланысты кездесулер өткізудеміз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Осыған байланысты, жыл сайын азаматтық серіктестерімізбен бірлесіп, «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акцияны өткізіп отырмыз. Бұл акцияның мақсаты халыққа кәсіби құқықтық көмек көрсету болып табылады. Акция мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, соттар, облыстың танымал заңгерлерінің қатысуымен өтеді.

Сонымен қатар, апта сайын «АДАЛ КӨМЕК» атты жалпыреспубликалық акция өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты тегін құқықтық көмек көрсету болып табылады. Акцияға мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау орган басшылары, танымал заңгерлер мен еріктілер қатысып, карантин кезінде мамандар азаматтардың сұрақтарына онлайн форматта жауап береді.

Қазіргі таңда Агенттіказаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Біздің басты мақсатымыз – «Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою».Агенттік Төрағасы шет елдердің жаңашыр шешімдерін жан-жақты зерттеп, талдап,жұмыстың жаңа тәсілдері мен құралдарын қолдануда. Сондықтан да, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қалыпты жұмыс істеуініңтұтас тізбегін өзгертудеміз. Бұл орайда, озық тәжірибеге сүйене отырып,Агенттікте Парасаттылық, Превенция және Серіктестік деп аталатын үш жаңа департамент құру туралы шешім қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қазіргі танда актуалды шешімінің бірі ретінде «Адалдық алаңы» жобасын айтсақ болады.Бұл жоба аясында «Protecting business and investments» және «Адал жол», «Саналы Ұрпақ» бастамалары іске асырылуда. Бұл жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және түрлі саладағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған. Ағымдағы жылы «Ертіс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған қызметіне келетін болсақ:

«Адал Жол» жобасы аясында ағымдағы жылдың басынан темір жол көлігінде 100 — ден астам бірлескен іс — шаралар өткізілді, 49 бұзушылық анықталды, оның ішінде тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін — 34 іс-шара, 14 бұзушылық анықталды (билетсіз 5-тасымалдау, техникалық бұзушылықтар-9).

Іс-шараның қорытындысы бойынша, көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган кінәлі тұлғалар 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сапалы жол» жобасы аясында салынып жатқан автомобиль жолдарының сапасына мониторинг жүргізілуде.

Уәкілетті органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізушілердің көлік салмақтық өлшемдерді сақтауына 4 мониторинг жүргізілді.

Салмақ өлшемдердің бұзылуының негізгі себебікарьерлерде көлік құралдарының нормадан тыс тиеу болып табылатынын көрсетті. Осыған байланысты табиғи материалдарды өндіретін уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында С. Торайғыров атындағы ПМУ-да емтихан жұмыстарын бағалаудың жаңа әдістері енгізілген, яғнижұмыстар шифрленіп соқыр бағалау түрінде өтедіжәне сыртқы сарапшылардың көмегімен тексеріледі. Жұмыстарды шифрлеу QR-код арқылы жүзеге асырылады, соның арқасында емтихан алушы кімнің жұмысын тексеретінін білмейді.

Сонымен қатар, жобалық кеңсемен тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және мемлекеттік органдардың қызметінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған 18 түрлі жобаны іске асырдық.

Облыстық «Ertis» телеарнасында «Ертіс — адалдық алаңы» айдары құрылды, онда айына екі рет Жобалық кеңсе қызметінің мәселелері қарастырылады, ал ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «парасаттылық сағаты» өткізіледі.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының ұжымдарында 55 «парасаттылық сағаты» өткізілді.

Оқу орындарында 405 «парасаттылық мектебі»(357 мектеп, 44 колледж және 4 ЖОО) ашылды, 339 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істейді, олардың мүшелері 11 000 астам оқушы болып табылады. Өңірдегі ірі ЖОО-ның бірінің базасында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның белсенділерінің саны 60-тан астам адамды құрайды.

Бір жылдан аз уақытта «Ертіс – адалдықалаңы» жобасының бастамасымен облысымыздың қалалары мен аудандарында «Оpen space» кеңістіктері мен сервистік әкімдіктері ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті де, облыс тұрғындарының құқықтарын қорғау, өтініштерін жан-жақты қарастыру және әкімшілік тосқауылдарды болдырмау мақсатында «Antikor ortalygy» атты сервис орталығы ашылды. Бұл – тұтынушыға шынайы бағдарланған мемлекеттік ауқымды жұмыстың басы.

Жоғарыда айтылған мысалдар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде түбегейлі бетбұрыс пайда болғанының бастапқы белгілерінің дәлелі. Тұрғындардың бұл індетке қатынасы өзгеріп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді. Демек, біздің бағытымыз дұрыс деп ойлаймын.