Сарысулық жерлестеріміз чемпион

Астана қаласында Кураш күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Соның ішінде 66 кг салмақпен күрескен жерлесіміз Аманшүкіров Нұр Алтын жүлдеге ие болды.
Нұр Аманшүкіров осы жеңісімен 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Cарысу ауданы Жайылма ауылының тумасы Орынбасарова Асылжан бала кезден спортпен шұғылданып, дзюдо, қазақ күресінен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, спорттағы белестерін бағындырып келе жатқан, болашағынан үміт күттірген спортшы.
Асылжан бүгін тағы бір қырынан көрініп, Қарағанды қаласындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионы атанды.