Сарысудағы Елорда күні

Барша қазақ үміт артып, үлгі еткен елорданың мерейлі мерейтойы орталық алаңда мерекелік концертпен жалғасты.

Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, мұндай мерекелік шаралар балалар мен жастардың шығармашылыққа деген құлшынысын арттыратындығын жеткізді.

Әрі қарай сәулеті мен дәулеті келіскен бас қаланың мерейтойы әсем ән мен мың бұрылған бишілердің бағдарламасынан құралған сән салтанаты келіскен мерекелік шараға ұласып, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.