С.Арубаев: «Тұрғындар өтініші бойынша жолаушылар көлігін ретке келтіреміз»

Бүгін Аса ауылының тұрғыны Балнұр Әбдіқұлова Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне жеке сұрағымен қайырылған еді.
– Талай уақыттан бері «Аса-Тараз» бағытындағы қоғамдық көліктің қатынауына көңіліміз толмайды. Аудан тұрғындарының базынасына айналған жолаушылар көлігін ретке келтіруге ықпал етсеңіздер. Көліктің қатынауында жүйе жоқ. Кейбір кездері екі сағат аялдамада күтіп қаламыз. Бүгін ерте келген көлік, ертесіне мүлде қатынамай қалатын кездері бар. Халықтың тілегі жауапсыз қалмайды деген үміттеміз, – деді Балнұр Бауыржанқызы.
Тұрғынның сауалына тиісті сала басшылары емес, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың өзі былай жауап берді.
– Өте орынды сауал. «Халық айтса, қалып айтпайды». Тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктің арлы-берлі қатынауы туралы жеке парақшама наразылықтар келіп түсуде. Алдағы күндері жолаушылар көлігін ретке келтіретін боламыз. Өзімде сол көліктің жағдайымен танысып, қосымша ақпараттандырамыз. Сұрақтар назарға алынды, – деді Сәкен Қаланұлы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі