СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ

Өңірде 52 сүт тауарлы фермалар жұмыс істейді. Қуаттылығы 50 бастан 600 басқа дейінгі фермалардағы сауын сиырлардың саны 14,0 мың бастан асады.

Есігінің алдында 3-4 сауын сиыр ұстап отырған аулалар да көбейіп келеді. Қайта өңдеуге өткізілген сүттің әрбір литріне мемлекеттік бюджеттен 20 теңгеден субсидия берілуде. Биыл бұл мақсатқа 492,0 млн. теңге бөлінді.

Күнделікті сүт сауып жүрген қарапайым ауыл тұрғындары осы қолдауды сезінуі тиіс. Бүгінгі кездесулер осыған арналды.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары