РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Облысымыздың 7 ұстазы қатысып, 5-еуі жүлделі орындарға ие болды.

Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Светлана Скребец І орын алса, Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Рауан Ошақбаевқа ІІ орын бұйырды. Ал Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологі Анна Соколюк пен Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Абаханова ІІІ орынмен марапатталды. Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Қаймалақова «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының грамотасы табысталды.

Жамбылдық ұстаздарды марапаттарымен құттықтаймын! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!

 

Бейқұт Жамангөзов, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы