Қазақы өлшемдер туралы біле жүріңіз !

Қазақ халқы өлшем бірлігіне адам денесінің дене мүшелерін пайдаланған.
Бой — адамның өз бойының өлшеміне тең, қазақтарды орта бойлы адам қазіргі өлшем бірлігі бойынша 170 см шамасында деп топшалауға болады.
Құлаш-әркімнің өз құлашы бойының ұзындығына тең келетіні белгілі . Дегенмен ол дәлірек айтсақ иық , деңгейіне сәйкес кере созылған екі қолы ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Бұл шамамен 1,42- 1,5 метр ге тең. Құлаш өлшемі сауда-саттық жұмысында, күнделікті тұрмыста қолданылады. Сондай-ақ құлаштыңда сала, кере, көш құлаш атты түрлері болған.
Құшақ- «периметрі» адам бойына тең шебер болса, жарты құшақ кісі бойының жартысы.
Кез- қолдың ұшынан иыққа дейіңгі аралық кез деп аталады. 70 см
Сай кез — қолдың ұшынан екінші қолдың иығына дейіңгі аралық. Бұл негізінен қазақша 1 метрлік өлшем болып есептелінеді.
Адым — жарты құшаққа тең. Яғни 1 метр .
Қолтық — киім пішудегі өлшем. Қолдың басы мен қолтықтың арасындағы қашықтық.
Шынтақ қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейіңгі аралық 40-41 см.
Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі немесе шамамен 2 см-ге тең өлшем. Екі саусақтың қалыңдығы екі елі, үш саусақтың қалыңдығы үш елі болады. Қатар орналасқанын төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады .
Білем- ортаңғы саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буыны арасындағы қашықтық.
Тұтам- төрт еліден сәл үлкен өлшем. Тұтам шамамен 8-8,5 см ге — тең.
Оның алақанды жазғандағы бас бармақтың алқымынан алақанның төмеңгі тұсына дейіңгі аралық бес тұтам, саусақтардың түбі тұсындағы ені — орта тұтам, шынашақтың тұсына ұстаған өлшем кіші тұтам делінеді. Бұл өлшемдер киім тіккенде бау, ызба, зер таспа өлшемдерін алуға қолданылған.
Қарыс- басбармақ пен шынашақ аралығы қарыс деп аталады, мөлшермен 17-18 см шамасында .
Қарыс кере қарыс немесе сере қарыс болып екіге бөлінеді.
Сүйем- тігіншілікте жиі қолданылатын өлшем бірлігі. Сүйем басбармақ пен сұққолдың арасына тең 15 см шамасында.
Сынық сүйем-бармақ пен бүгілген сұқ қолдың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Бұл шамамен 10 см.
Буын — ортан қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейіңгі аралыққа тең ұзындық бірлігі шамамен 5-6 см ,сәулетті сарайлар мен әртүрлі ғимараттарға ою-өрнектің мөлшерін буынмен өлшеген, тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.