Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

04.07.2021. Нұр — Сұлтан қаласы

 

4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді.

Турнирдің көрерменсіз өтуіне байланысты БАҚ өкілдері де қатыса алмайды, алайда біз БАҚ өкілдерін салмақ өлшеу рәсіміне шақырамыз.

Балуандардың салмақ өлшеу рәсімі 2 шілде сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Оныншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады, оның ішінде күштік құрылымдар арасында өткен турнир жеңімпаздары да бар.

 

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз қызметі

www.qazaqstanbarysy.com / @qazaqstan_barysy

Жүсіп Жадыра, тел:87011376858, е-mail: kazbarysy7@mail.ru