Қазақ менталитетіне жат бағдарламалар эфирден алынсын!

Кешеден бері аты жаман аурудың үрейін аздап болса да серпілтетіндей жағымды жаңалықтар да естіле бастады Қ.Р.Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уалидің,      кәсіпкер А. Нұрсиланың жазған постына  бірнеше жүздеген азаматтар пікірлерін жазып жатқанда менің үндемей қалуым күнә болар еді Аналық пікірімді білдіру парызым деп есептеймін ..!

Жұқпалы дерттен айыққандардың саны да көбейе түсті. Иә, бұл қиындықтардан да өтерміз. Бірақ Алаш жұрты әр кезде естен шығармайтын, қашанда сақ болуымызды керек ететін талай рухани індеттің беті қайтпай тұрғанын да естен шығармайық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дейтін қанатты сөз кейінгі кезде «ел боламын десең экраныңды түзе,ел боламын десең әлеуметтік желіңді түзе», болып өзгергені бар..Менде осы тұста назарларыңызға осы әлеуметтік желі туралы жазған мақаламды  ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІҢДІ ТҮЗЕ, БИЛІК!  ұсынамын.  Қаншама мақалалар бейне таспалар жазылды селт еткен жан болмады немқұрайлық намыссыздық жүйкеңді тоздырды.. Әттегенайдан басқа шама жоқ..! Теледеидардың жыры бітпей тұрғанда енді ғаламтор дейтін шықты. Жақсылықпен жамандығы қатар жүретін өмір заңы, ғаламтордың да көлеңкелі де қатерлі тұстарын көрсетіп жатыр. Бұған қарата қатаң бақылау мен тәртіптің керек екендігі айтыла беріп жауыр болған тақырыптардың біріне айналды. Енді сөзден гөрі іске көшетін сәттің туғаны шындық еді.
Әлеуметтік желіде кешеден бері бірнеше жүздеген оқырмандар талқысына түскен кәсіпкер азамат А.Нұрсиланың жанайқайына  https://m.facebook.com/story.phpstory_fbid=2708682189255196&id=100003403233694      «Соңғы кездері республикалық телеарналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады» делінген екен Берік Уәлидің жеке парақшасында. Бұл өте қуанарлық та құптарлық та жәйіт деп есептейміз. Осы бағдарлама эфирге шыға бастағаннан, біраз елшіл азаматтың жүйкесін тоздырып еді. Қазақтың болмысына, ұлттық дүниетанымы мен дәстүріне сай келмейтін ұятсыз бағдарлама көрермендер назарына ұсыныла салысымен ақ көпшілікке ұнамаған болатын. Бұл бағдарламаға тапсырыс берушілердің кім екенін, бұл жоба арқылы қанша ақша тауып жатқанын да тереңінен қозғаған азаматтар болды. Бұл біреудің ақша тапқанын қызғанғаннан туған қарсылық емес еді. Ең бастысы ұлт болашағы, жастар тәрбиесіне орасан кесірін тигізіп жатқанын көргеннен, сезгеннен туған халықтың жан айқайы болатын. Талай пікірлер айтылып, сыни мақалалар қарша борап жатсада да «Қалаулымға» шыбын шаққандай әсер етпеді. «Қалаулым», аз болғандай «Қалауым сен» атты екінші түрі де қосарлана кетті.

Қызмет бабымен елді көп аралаймыз. Бірде өзіммен қатарлас ел ақсақалы «айналайын ау, телевизордағы кинолар мен бағдарламаларға қарап тексеріп, оның болашақ ұрпаққа әсерін қадағылап отыратын адамның бала шағасы жоқпа?! Сондай адамдар бар болса өздері қазақ па?! Әлде ұлтына жаны ашымайтын безбүйрек біреулер ме? Қай қазақтың қызы бай іздеп телевизорға шығып, жігіт үшін жұлысушы еді? Не болып кетті?Ақша үшін жасайды дейді, сонда ол қызда не қадір қасиет қалды?»-деп сұрақтың астына алды. Бұл жалғыз ғана ақсақалдың жанайқайы емес екендігі белгілі еді.
Үш жыл бұрын министрге дейін ақпарат жетіп, «қарастырамыз», «жабамыз»,- деген жауаптар естіліп еді… Министр мырза тағы бір сөзінде «бұл коммерциялық телеарналардың жобасы болғандықтан, оны бірден жауып тастай алмаймыз» деп те шындығын айтқаны есімізде. Біреуі былай десе, екіншісі оған қарсы уәж айтып жатқан кереғар дүниеге не дерсің? Жұрт шулап, министрге дейін «Қалаулымды» жабуға өтініш етіп жатқанда, Светлана Жалмұханбетова ханым шырылдап тұрып ара түсті ғой осы «Қалаулымға». Светлана ханымның сөзіне сенсек, «аталмыш бағдарламаны ұнатып көретін көрермендердің қатары қалың екен. Тіпті рейтинг жағынан көш бастап тұрған мұндай бағдарламаны жабудың өзі «қиянат» көрінеді…»
Светлана Жалмұханбетова сол арнаның басшыларының бірі. Қазақтың ар мен ұяты, ұлттың болашағы, ұрпақтың тәрбиесі телеарнаның рейтингісінен төмен болғаны ма сонда? Экранға бақылаудың әлсірегенінен біз не ұттың өзі? МІНЕ ҚАРАҢЫЗДАРШЫ! Қазақ қызының тәрбиесінің төмендеген еді, некесіз туған тастанды сәбилер көбейді. Заңды некеден ажырасу жағынан әлемдік көрсеткіштерде көш бастап тұрмыз. Атасы көрмек түгілі атын естімеген, нәсілі, діні басқа ұлттармен некелесу етек алып барады. Бұлардың барлығы аз қазақты қырып бітетін мылтықсыз майдан демеске шараң қайсы? Осының барлығы да «Қалаулым», «Қалауым сен» секілді ұятсыз бағдарламалардың эфирді еркін жаулауынан келіп шығып жатқан дүниелер. Бұған ұрпақ тәрбиесін барлығынан биік қоятын халық шыдай алмайды. Сондықтан да көзіқарақты азаматтар өз қарсылықтарын білдіруден жалыққан емес. Алайда қатысты мекемелердің тізгінін ұстап отырған министрлерімізден қайран болмады. Министрдің жауаптарын жоғарыда айттық. Билік пен халықтың арасының алшақтай бастауының бір көрнісі осы еді. Енді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады.» деген жаңалығы бір серпілтіп тастады. Президентіміз Қ.Тоқаев «жау жағадан алғанда бөрі етектен алады» демей, халықтың жан айқайына құлақ асыпты. Бұл істің аяқсыз қалдырмайтынын естігенде Жаман вирусынан күпті болып отырған көңіліміз бір көтеріліп қалғандай болды. Мемлекет басшысының қоғамның ұстанымын біліп, оған орынды жауап қайтаруы халықтың,  Президентімізге деген сенімін ұлғайтары сөзсіз. Бұл Ұлт болашағы..! Қазақтың басына төніп тұрған рухани індет,қазіргі жаһанды жаулап бара жатқан індеттен бір кем емес дүние. Мемлекеттік идеология, ұлттық тәрбие дегендеріңіз қазақтың қазақ болып қалуын белгілейтін мәселелер десек артық болмас. Қазақтың көгілдір экрандарынан таралып жатқан бұл вирустар ар мен ұятқа, иманға, ана тілімізге, ұлттық болмысымызға салмақ салатын дерт болып жабысатын кеселдер . Енді ондайлардан да біртіндеп арыла бастайтын болармыз. Бұндай мәселеніде кейінге қалдыруға болмайды..!
Ұлт болашағы, жастар тәрбиесіне орасан кесірін тигізіп жатқанын «тамырсыздық індетіне» шалдықтыратын осындай бағдарламаларды көргенде жүрегім жылайды. Біз ұрпақтарды қалай тәрбиелеп жатырмыз? Қайда бет алып бара жатырмыз айналайындар ау?! Біз ұлттық құндылықтарымызды рейтингке айырбастап жатырмыз ғой. Қазіргі жаһандану заманы тілімізді тілім-тілім етті. Дінімізді бүлдіріді. Мұндай қиын кезеңде рухани құндылықтарымызды асқақтататын, ғылым мен білімді дамытатын, жалпы ағартушылық бағыттағы бағдарламалардан, хабарлардан рейтинг талап етуді қою керек! Онсызда жыртыңдаған жеңіл күлкі мен арзан атаққа жаны құмар пенделерді онан ары есірте бермейікші. Мына келген індет, Алланың сынағы, реніші деп білем. Қазіргі кезде Алладан тілек тілеп, сабыр сақтайық, бірлікте болайық тәртіпке бағынайық қиындықтың артынан Алланын жақсылық берері сөзсіз..! Ел билігі халықтың сөзіне құлақ аса бастады, Алда үміт бар. Сең қозғалды… Міндетті түрде мұндай бағдарламалар жабылуы керек..! Ұлт болашағының тамырына балта шабатын бағдарламаларды сүзгіден өткізіп қайта қарайтын кез келді. Ұлттық құндылықтарымыз жоғары болу керек..! Сөз аяғын «ҚАЛАУЛЫМ ҚАСІРЕТ» атты бейне таспамен түйіндедім. Назарларыңызға ұсынам:

ҚАЙТАДАН МҰҚИЯТ КӨРІП ШЫҚСАҢЫЗДАР

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Еңбек сіңірген қйраткері