“Қарты бар үйдің қазынасы бар»

“Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Ақыл айтар, бағыт көрсетер қарияларымыздың қадіріне жетіп, көңілін бір көтеріп, серпілтер күн бүгін. Осыған орай, ардагер-майдангер Сатылған Бекмағамбетовті үйіне барып, Халықаралық қарттар күнімен құттықтап қайттық.

Ардагер биыл 100 жасқа толды. Ұлы Отан соғысына қатысып, 101 атқыштар бригадасының жанкешті жауынгері болған, кейін Ақтөбе облысы Қобда ауданында зоотехник қызметін атқарып, елге еңбегі сіңген азамат. Бүгінде 7 бала, 16 немере, 16 шөбере сүйген асқар тау ақсақал.
Осындай аталарымыздың ерліктері жастарға үлгі және біздің міндетіміз — Отан қорғаушылардың ерліктерін дәріптеп, жас буынның бойында оларға деген құрметті тәрбиелеу.

Бүгінгі қолда барымыз үшін, бейбіт, берекелі өміріміз үшін ардагер-қарттардың алдында қарыздармыз! Атамыздың ақ батасын алып, алғысын естіп, марқайып қайттық.
Барша қарияларымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз! Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берер күш- қуаттарыңыз сарқылмасын!

 

Askhat Shakharov

фейсбук парақшасынан