Қаражалдық ақын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық конференцияның жүлдегері атанды

Қаражал қаласының тумасы, жас ақын Жалғас Артыкбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық конференцияда «Қоғам белсендісі – Үздік көшбасшы 2021» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық сарайында тәуелсіздіктің мерейтойына арналған «Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары» атты республикалық конференция өтті. Оған азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет саласының өкілдері, депутаттар, еліміздің түрлі облыстарының жастары қатысты.

– Конференцияда мен өзім сияқты біздің қоғамды жақсартуға тырысатынбелсенді, жан-жақты адамдармен таныстым. Мен онда өлеңдерімді оқыдым. Олар қатысушылар мен бас қонақ – елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлына ұнады. Мен астанадан бірден екі марапатпен – «Қоғам белсендісі – Үздік көшбасшы 2021» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен және Жандарбек аға өзі қолымен тапсырған, алтын жалатылған төсбелгімен оралдым. Бұл мен үшін үлкен құрмет, – деді Жалғас Артыкбаев.

Осы жылдың маусым айында Жандарбек «Үздік жас ақын – 2021» республикалық байқауында жеңіске жеткенін атап өткен жөн. Ол бала кезінен поэзияны жақсы көреді және өлең жазады. Бүгінгі таңда ақынның елуден астам шығармасы бар. Болашақта ол өзінің өлеңдер жинағын шығарғысы келеді.