Қарағанды облысында «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысу үшін үздік балуандар іріктелді

Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында қазақ күресінен ересектер арасында облыстық «Сарыарқа Барысы» турнирі өтті. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін республикалық жарыстарға іріктеу додасы болды. Жарысқа облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 130 балуан қатысты.

Турнирдің бас төрешісі Нұрмұхамед Жайлаубайдың айтуынша, пандемияға байланысты жаттығулардың аздығына қарамастан, палуандар жақсы дайындалып, лайықты нәтижелер көрсетті.

 

 

Жарыс 11 салмақ дәрежесінде өтті. Финалда өте қиын болды, себебі екі мықты спортшы – Ақжігіт Оралов пен Бекзат Ахметбеков күресті. Олар шілде айында Нұр-Сұлтанда өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде  Қарағанды облысының намысын қорғауға барады, – деді Нұрмұхамед Жайлаубай.

Облыстық турнирдің жеңімпазы қарағандылық Ақжігіт Оралов, екінші орынды Нұра ауданынан Бекзат Ахметбеков, үшінші орынды Бұқар Жырау ауданынан Ерқанат Молдағұлов иеленді.

 

                                                                                                     Жомарт Шаймұрат