Қарағанды гуманитарлық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық ашық сабақ өтті

Қарағанды гуманитарлық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық ашық сабақ өтті. Оған қалалық мәслихат депуттары мен ғалымдар сондай-ақ, ұстаздар, студенттер қатысты. Іс-шара жартылай онлайн форматта ұйымдастырылды

Ашық сабақта еліміздің Тәуелсіздік алу жолында үлес қосқан қайсар жүректі батырлар мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі айтылды. Іс-шараға республика бойынша 200-ден астам адам қатысты. Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов тағылымды тарих егеміндік жолдың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, қалалық мәслихаттың хатшысы:

-Тәуелсіздік деген біздің тарихымыз. Ол бізге оңайлықпен келмеді. Ата-бабаларымыз аттың жалында, найзаның ұшымен талай жаудың тізесін бүктірді. Жерімізге көз тігіп, ұлан байтақ жерімізге қызықпайтын ел жоқ. Кейбір елдерде жер үшін дау, соғыс болып жатыр. Ал бізідң баға жетпес, байлығымыз да осы жеріміздің кеңдігі, бейбіт, ынтымақтастығымыз. Осындай мамыражай тыныш елде өмір сүріп жатқан седерде арман жоқ. Сендердің міндеттерің жақсы білім алып, еліміздің жерін, халқын қорғайтын намысты ұл-қыз болып өсу. Тәуелсіздігімізді бағалайық.

 

 

Ашық сабаққа бір топ студенттер атсалысты. Олар Отанға деген ықыластарын, сезімдерін жыр-шумақтарымен жеткізді.

Дильназ САҒЫНТАЙ, студент:

Осы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өзімнің жүрекжарды өлеңімді шығарған болатынмын.

Ашық сабақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республика бойынша ұйымдастырылған. Негізгі мақсат, жас ұрпаққа өткен тарихты ұмытпауға, елін, жерін қорғауға насихаттау.

Дархан ИСАТАЕВ, директордың орынбасары:

Қонақтарымыз студенттерге қазір барынша тәрбие сағат үстінде өзінің Қазақстан Тәуесліздігінің 30 жылдығында жеткен тарихы туралы мағұлмат береді деп ойлаймыз. Бүгінгі іс-шара маңызды деп білеміз және барлық қазақстандықтарды, әріптестерімді, студенттерімді Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығымен құттықтаймын.

Айта кету керек, іс-шараға облыстық білім басқармасы қолдау көрсетті. Колледж ұстаздары тағылымы мол шараларды ұрпақ санасына сіңіру басты парымыз, — дейді.

Жомарт Шаймұрат