Қандастар үшін қуанышты хабар!

Otandastar Qory жұмысын бастады. Қор басшысы Нұртай Әбіқаев бүй дейді:
Құрметті отандастар,
Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен елге оралған және шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған «Отандастар» Қоры құрылғаны баршаңызға аян.
Қор жұмысын басқаруды мемлекет басшысы маған сеніп тапсырды. Ендеше, жүктелген міндет пен үмітті ақтауға асықпын. Қызметіміз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланысқа негізделгендігін осы ретте айта кету керек.

Бүгін біз Қор дамуының болашақ бағыттарын анықтадық. Осы тұста отандастарымызға кешенді әрі жан-жақты көмек көрсету жүйесін құруға басымдық беріп отырмыз. Алдағы уақытта қызметіміздің барлық дерлік салаларын қамтитын заңнаманы жетілдіру, елге оралған және шетелде тұратын қандастарымыздың мәселелерін зерттеу мен бірлесіп шешуге бағытталған диалог алаңдарын құру, отандастарымыздың бастамалары мен бизнес-жобаларын қолдау, мәдени және білім шараларын өткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізбек ниеттеміз.

Барша отандастарымызды тарихи отан төңірегінде бірлесуге, ортақ мүдде тұрғысында берік ынтымақтастық құруға шақырамыз!

Құрметпен, «Отандастар» Қоры Президенті Нұртай Әбіқаев.

Ularbek Daleiuly фб парақшасынан