Қайырымдылық-асыл қасиет

Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. Халқымыз да: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды», деген болатын. Осы мақсатта, аудандық мәслихаттың хатшысы Асанбай Сейналиевтің басшылығымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж, аз қамтылған және денсаулығына байланысты ем қабылдап жүрген бір азаматшаға қайырымдылық жұмысы ұйымдастырылды.
Қаңтар айында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында сайланған халық қалаулысы, жеке кәсіпкер, атымтай жомарт, ауданда қайырымды істерімен көзге түсіп жүрген Фархат Шайымқұлов ақшалай көмек қолын созды.
«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», деген халқымыздың игі сөзін ұстана отырып, қайырымдылық мақсаттағы жұмыстар одан әрі жалғасын таба беретін болады.

Камели Сүлейменова, “Sarysý”