Павлодарда жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Қазіргі жастардың мәселелерін талқылау үшін Павлодар облысына республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары келді.

Кездесуді ашқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жастарға үлкен үміт артатынын атап өтті. Ертіс өңірінде жастардың, әсіресе кәсіпкерлік саласындағы кез келген бастамаларын қолдауға дайын екенін айтты. Өңір басшысы тіпті ауылдық колледждерге “кәсіпкерлік негіздері”мамандығын енгізуді ұсынды.

– Біз ауылдық кәсіптік-техникалық оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін бірнеше рет көтердік, – деді әкім. – Мысалы, бізге, аспаздарды дайындап, оқытудың керегі қанша, егер оларға сайып келгенде, жұмысы ұнамаса немесе нарықта сұранысқа ие болмаса? Жастарды кәсіпкерлік негіздеріне үйретейік. Егер жас адам үш жыл кәсіпкерлікке үйренсе, біз дайын бизнесмен аламыз.

Бизнес-идеяларды қолдау үшін Павлодар облысында ісін енді бастаған кәсіпкерлерге жарты миллион теңгеден астам грант беруге дайын. Өңірге 500-ге жуық грант қарастырылған.

Сондай-ақ, диалог барысында Павлодарда Болашақ”қауымдастығының филиалын ашу ұсынылды. Бүгін прокуратура органдарында жұмыс істейтін халықаралық стипендия иегері Ержан Досымжанов өңірде осы бағдарлама бойынша оқыған 200-ден астам адам бар екенін айтты.

– Осылайша, оқыған “болашақкерлер” үшін алаң құрылады, онда олар кездесіп, оқуға түсу мен оқудың қыр – сырын біле алатын халықаралық стипендияға үміткерлер жиналатын болады, – деді Ержан Досымжанов. – Өкінішке орай, облыста мұндай алаң жоқ.

Кеңес отырысына қатысқан Республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары Павлодар облысында өте белсенді және озық жастардың көп екенін атап өтті. Бұған жастардың шығармашылық дамуы мен демалысы үшін сапалы жағдай туғызып отыр.

– Екі апта бұрын Павлодарда болып, Ирина Дубцованың “Ertis Promenade” сахнасында өткен концертіне түстім, – деді “Еріктілер лигасы ” қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова. – Енді осы жоба аясында сізге әр демалыс күндері әр түрлі жұлдыздар келетінін білемін. Павлодарлықтар әлі де –өздерінің қандай бақытты екендерін түсіне алмай отыр, өйткені еліміздің басқа өңірлерінде тек бұл туралы армандайды.

Кездесу соңында Болат Бақауов өңірде жастарға арналған “Ертіс дарыны”арнайы сыйлығы тағайындалғанын айтты. Оның жүлде қоры 10 миллион теңгеден кем болмайды. Сонымен қатар, өңір басшысы облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының басшылығына музыкалық жабдықтарды сатып алуға сертификат тапсырды. Осының арқасында ОМО базасында вокалдық-аспаптық ұжым құрылады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы