Павлодар облысында алимент төлейтін борышкерлер саны азайды

Өңірде “Әлеуметтік қамқорлық” жобасы аясында, сондай-ақ полиция және әділет органдарының бірлескен рейдтерінің көмегімен, ата-аналармен жұмыс жасаудың жаңа тетіктері іске қосылды.

Облыс әкімдігінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен борышкерлерден алимент өндіріп алуға байланысты мәселелер қаралды.  Жұмыс кеңесіне әділет органдарының, прокуратураның, жергілікті полиция қызметінің, көші-қон полициясының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты.

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша борышкерлермен жұмыс бойынша қорытынды жасау үшін апта сайын кездесеміз. Бүгінде борышкерлерге қолданылатын шаралар Қазақстанның басқа өңірлеріне үлгі болып отыр.  Біз мұқтаж балалар заң бойынша өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін сол қарқынмен жұмыс істеуіміз керек, – деді Асхат Оралов.

Жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Медет Қарғесековтың ақпараты бойынша, ведомствода бірнеше ай ішінде Павлодар облысындағы барлық атқару құжаттарына тексеру жүргізілді.

-Қазіргі уақытта жеке және мемлекеттік сот орындаушыларында алимент бойынша 11 276 құжат бар. Олардың 7 088 – і немесе 62% – ы, әкелер өз міндеттемелерін адал орындайды, алименттер мезгілімен жалақыдан балаларға аударылады, облыстың екі мыңға жуық тұрғыны өз бетінше алимент төлейді. Алайда, сот орындаушылары 1 221 құжатты проблемалы топқа жатқызады. Яғни бұлар іздеуде жүрген немесе жұмыс пен мүлігі жоқ әкелер. 378 жағдайда осы 1221 борышкерлердің іздеу жарияланған, тағы 52 құжат сотта қаралу үстінде, – деп хабарлады Медет Қарғесеков.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы