Өз тілін білмейтін елдің 90 пайыз шет тілін білуі — Тәуелсіздік мүддесіне қарсылық! — Қазыбек Иса

30 жыл бойы Елбасы мен Президент тапсырмаларына қарсы жұмыс істеп келгенсіздер ме, Абаев мырза?!.
Елбасы “Қазақстан-2050” мемлекеттің стратегиялық бағдарламасында атап айтып, нақты тапсырғандай, ел 2020 жылы 90% қазақ тілінде сөйлеуі керек еді! Сонда қазір Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттік тілінде сөйлемейтін ел 90% шет тілінде — орысша сөйлесе, Елбасы мен Президент тапсырмасына, Тәуелсіз Елдің Ұлттық мүддесіне қарсы жұмыс істегенсіздер ме, Даурен Абаев мырза?!.
Мемлекеттік тілді қорғау — Конституция мен Тіл заңын талап ету — ешқандай да “пещерный национализм” емес- Тәуелсіздіктің 30 жылы бойы Ұлттық идеологияда түк істемей-ақ айлық алып келген билік және заң, құқық қорғау органдарының жұмысын көшедегі нағыз ұлтшылдардың жалақысыз-ақ істеуі!
Бұндай ұлттық мүддені қорғаушыларды, ел заңын талап етушілерді “үңгірлік ұлтшылдық” деп Тәуелсіздіктің отыз жылында да отарлық үңгірден шыға қоймағандар айтады.
“Ұлы Абайдың “орысша білу керек” дегенінің қазір қажеті жоқ” деп бұл Абаевтар айтқан кезде ғана Ұлттық идеология дамиды.
Фейсбук парақшасынан