Облыстық турнир

Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында да бұл салаға айрықша басымдық берілді.
Ауданда спорт саласы жылдан жылға қарқынды дамып, республикалық, облыстық, аудан көлемінде түрлі шаралар өтуде.

Аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт ардагері Стыбаев Марат Қайсарбекұлының 60 жас мерейтойына арналған волейболдан 2007-2009 жылы туған қыздар арасында облыстық ашық турнир өтті.
Жалпы саны 16 команда қатысқан турнирге Түркістан облысынан екі команда, одан бөлек Меркі, Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласынан командалар келіп қатысты.

Сондай ақ өзіміздің Жаңатас, Түркістан ауылдық округінен де қатысып, ойын көркін қыздыра түсті.
Нәтижесінде үшінші орынды Жаңатас қаласы, екінші орынды Тараз қаласы, бірінші орынды Байзақ ауданы жеңіп алды.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қорытынды сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарына ізгі ниетін білдіріп, Марат Стыбаевты «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Сарысу ауданы әкімдігі