Облыс әкімі өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан аналарға құрмет көрсетті

– Өмірде аналар ең маңызды болып саналады. Себебі келешек ұрпақтарың бойларына тәрбие, мәдениет, ақыл сіңіреді. Арамызда отырған әйелдер мен қыздар мемлекетіміздің, ұлтымыздың дамуына үлкен үлес қосуда. Көптеген салада  80 пайыз әйелдер жұмыс істейді.

Облыста  жүзге толған 70-ке жуық қария болса, соның ішінде 37-сі әжелер.  Жамбыл ауданында 112-ге толған кейуана  бар.Осындай аналарымызға алғыс айтып, кейінгі ұрпаққа үлгі етуіміз керек.

Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ең бастысы денсаулық, аманшылық үйлерінізге құт-береке тілеймін!,– деді  облыс әкімі.

Өз кезегінде еңбек ардагері Тұрсынкүл Әшірбаева облыс әкімінің көрсетіп жатқан құрметіне алғысын айтса, өзінің 7 баласына қоса 16 бала асырап алған Сапура Ержанова да ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде өзге де аналар  ақ  тілегін арнап, аруларға мерекелік сый-сыяпат жасалды.