Оқ-дәрілердің қалдықтарын қайта тазарту басталады

Биылғы жылдың 3 сәуірінен бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағында және оған іргелес маңайда оқ-дәрілердің қалдықтарын қайта тазарту басталады.
Бұл жұмыстарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы инженерлік-саперлік бөлімшелердің әскери қызметшілерінен құралған біріккен жасақ кіріседі.
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан қайта тазарту жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі